06.02.2017, 18:46 4600

Қазақстанда ауылдағы егістік жұмыстарын қаржыландыру басталды

Ағымдағы жылы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарына Республикалық бюджеттен ҚазАгро холдингі құрылымы арқылы 60 млрд. теӊге сомасындағы қысқа мерзімді қарыз берілді

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 2017 жылғы егістік науқанын қаржыландырудыӊ басталғаны туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарына Республикалық бюджеттен ҚазАгро холдингі құрылымы арқылы 60 млрд. теӊге сомасындағы қысқа мерзімді қарыз берілді, деп хабарлады Ұлттық холдингтіӊ баспасөз қызметі.

"Бюджеттік қаражаттардан басқа "ҚазАгро" ұлттық холдингі жылдыӊ аграрлық шараларын басқа да қаржыландыру көздері есебінен қолдайды. Мысалы, 2016 жылы егістік және егін жинау науқанына Холдинг бюджеттік несиені есепке алып 114,9 млрд.теӊге, 2015 жылы - 101,3 млрд. теӊге бағыттады", - делінген хабарламада.

АШТӨ мемлекеттік қаржыландырумен көптеп қамтуға қол жеткізу үшін алғашқы кезекте қаржыландыру өткен жылдағы сияқты ауылшаруашылық кооперативтеріне берілетін болады.

Бұдан басқа, мемлекеттік қаражатты пайдаланудыӊ тиімділігін жоғарылату және отандық қайта өӊдеуші кәсіпорындардыӊ жүктемесін арттыру мақсатында дақылдардыӊ басымдықтарын есепке ала отырып, қаржыландыру механизмі енгізіледі, яғни Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындаған дақылдар қатары бірінші кезектегі тәртіпте қаржыландырылады. Иӊгіме майлы (күнбағыс, рапс, зығыр, соя), арпа, қант қызылшасы, күріш, мақта, сұлы, картоп туралы болып отыр.

Көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуді несиелеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалдық желісі арқылы банк кепілдігін беру арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тікелей қаржыландыру;

Кейіннен ауылшаруашылық кооперативтері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру үшін екінші деӊгейлі банктерді қорландыру.

Несие серіктестіктері, шағын қаржы ұйымдары және Өӊірлік инвестициялық орталықтар арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру.

Бюджеттен тыс көздер есебінен қосымша көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауылшаруашылық техникасын сатып алуды қаржыландыруға "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы шамамен 35 млрд теӊге бағыттау жоспарланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны