18.03.2013, 11:24 3031

Қазақстанда ауылдық жерде әр екінші микронесие Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры есебінен беріледі

Соңғы 5 жылда ауылдық жердегі әр екінші микронесие "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ есебінен беріледі, деп хабарлады "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқармасының төрағасы Нармұхан Сарыбаев Орталық коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің баспасөз мәслихатында.

Астана. 18-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда ауылдық жерде әр екінші микронесие Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры есебінен беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Соңғы 5 жылда ауылдық жердегі әр екінші микронесие "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ есебінен беріледі, деп хабарлады "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқармасының төрағасы Нармұхан Сарыбаев Орталық коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің баспасөз мәслихатында.

"Соңғы 5 жылда ауылдық жердегі әр екінші микронесие несиелік серіктестік қаражаттарын есепке алмағанда "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ есебінен берілген", - сказал Н.Сарыбаев.

Сонымен қатар, ол соңғы 8 жылда жүргізілетін мемлекеттік саясат нәтижесінде төменгі және орташа табысқа ие ауылдық үй қожалықтарының саны шамамен 6 есеге азайды.

Қордың мәліметі бойынша ауыл тұрғындарының саны 7,6 млн адамды құрайды, олардың 7% күн көріс минимумынан төмен табыс табады.

Бүгінгі таңда қор микронесиелендіру мен экономикалық қалпына келтіруді дамыту үшін ауылдық жерлерде филиалдар желісі мен 14 облыс орталықтарында өкілдіктер орналасқан.

Қаржылық ұйым мәліметі бойынша 2005 жылдан 2012 жылға дейін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен ауыл тұрғындарына жалпы сомасы 40,3 млрд теңге болатын 80 мыңнан астам микронесие берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны