20.01.2011, 16:02 4373

Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты өсіп, импорт көлемі азайған

Қазақстанда 2010 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 16,2 пайызға артып, импорт 3,5 пайызға азайған. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 жылғы жұмысының қорытындысына және алдағы жоспарына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2010 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 16,2 пайызға артып, импорт 3,5 пайызға азайған. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 жылғы жұмысының қорытындысына және алдағы жоспарына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "алдын ала болжам бойынша, 2010 жылы агроөнеркәсіптік кешені өнімінің экспорты 16,2 пайызға артты, импорт 3,5 пайызға төмен болды", - деді ол.

Сондай-ақ оның хабарлауынша, сальдо 2 есеге қысқарған.

"Осы жерде шикізат өндірісінің әсіресе, майлы тұқымдылардың мұндай көлемінсіз биыл бізде халықты өсімдік майымен қамтамасыз етуде көрші елдердегідей проблемалар болар еді",- деді министр.

Сондай-ақ, А. Күрішбаев атап көрсеткендей, былтыр ылғал сақтау агротехнологиялары қолданылған егіс алқабының көлемі 11,2 млн. гектарға жетіп, жалпы егіс көлемінің 67 пайызын құрады.

Сонымен бірге халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Ғаламдық бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік экономикалық форумының "Ауыл шаруашылығы саласына жұмсалатын шығындар" көрсеткіші бойынша Қазақстан 31 тармаққа көтеріліп, 62-орынға тұрақтаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны