09.10.2009, 16:34 3451

Қазақстанда ауылшаруашылық жер ресурстарын қайта үлестіру тетіктерін жасау керек

"Жер қатынастарын өзгерту керек, яғни, ауылшаруашылық жер ресурстарын қайта үлестіру тетіктерін нақты жұмыс істейтіндей етіп жасау керек", - деді П. Потапов.Оның айтуынша, "мемлекеттің аса маңызды әрі орны толтырылмайтын ресурсы - түсім беретін жерлері, әсіресе, Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлер біздің мемлекетімізде пайдаланылмай отыр".

Алматы. 9 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ауылшаруашылық жер ресурстарын қайта үлестіру тетіктерін жасау керек. Мұндай пікірді бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Вита" АҚ бас директоры Петр Потапов ортаға салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жер қатынастарын өзгерту керек, яғни, ауылшаруашылық жер ресурстарын қайта үлестіру тетіктерін нақты жұмыс істейтіндей етіп жасау керек", - деді П. Потапов.

"Вита" бас директорының пікірінше, егер ауылшаруашылық жерлері пайдаланылмайтын болса - "мемлекет заңнамалық тұрғыда бәріне ұғынықты әрі ашық тетікпен осы жерлерді тәркілеп алып, оны өңдей алатындарға қайта үлестіру мүмкіндігіне ие болуға тиіс".

"Егер сіз қаланың сыртына шығатын болсаңыз, Алматының маңындағы жерлердің 90% бос жатқанын, оларға ештеңе егілмегенін байқайсыз", - деді П. Потапов.

Оның айтуынша, "мемлекеттің аса маңызды әрі орны толтырылмайтын ресурсы - түсім беретін жерлері, әсіресе, Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлер біздің мемлекетімізде пайдаланылмай отыр".

П. Потаповтың пайымдауынша, қайта үлестірілген жерлерді "мониторинг жасап, тексеру керек; ол жерлерге бірдеме өсіруге ниеті бар адамдар өз бизнес-жоспарларын көрсетіп, оны қорғап шығуы керек".

Сонымен бірге П. Потапов "бүгінгі күні Қазақстанда жер ресурсы Ішкі жалпы өнімнің көзіне айналмай отыр". "Жалпы ішкі өнімді мемлекеттің дұрыс реттеуі секілді тәсілдермен де өсіретін кез жетті", - деді "Вита" бас директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны