19.02.2015, 13:10 4173

Қазақстанда автокөлік өндірісін қолдауға 20 млрд теӊге жұмсалады - ҚР ҰЭМ

Отандық автокөлік құрастыру саласын дағдарысқа қарсы қаржылай қолдауға Ұлттық қордан 20 млрд теӊге алынады, 15 млрд тікұшақтар мен жолаушылар вагондары өндірісіне және 35 млрд теӊге - экспорттаушыларға қолдау көрсетуге жұмсалады, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Отандық автокөлік құрастыру саласын дағдарысқа қарсы қаржылай қолдауға Ұлттық қордан 20 млрд теӊге алынады, 15 млрд тікұшақтар мен жолаушылар вагондары өндірісіне және 35 млрд теӊге - экспорттаушыларға қолдау көрсетуге жұмсалады, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруды ескергенде "Бәйтерек" АҚ-ныӊ Ұлттық қордағы 100 млрд теӊге сомадағы кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға қарастырылған құнды қағаздар қарызы 2016 жылдан 2015 жылға 75 млрд теӊге көлемінде ауыстырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Бұдан өзге, 5 млрд теӊге үлестік салымдарды кепілдендіру қорына мақсатты трансферттер ретінде капиталға айналдыруға қарастырылған.

"Қалған 25 млрд теӊге 2016 жылы экспортқа және экспорт асты қаржыландыруға - 15 млрд теӊге және 10 млрд теӊге - үлестік салымдарды кепілдендіру қорына қосымша капиталдандыруға жіберіледі", - деді ол.

Сонымен бірге, ҰЭМ басшысы айтып өткендей, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша 2015 жылдыӊ 10 наурызына дейін Үкімет дағдарысқа қарсы жаӊа шараларды енгізумен бірге "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы жобасын түзетуді қамтамасыз етеді және Мемлекет басшысыныӊ бекітуіне енгізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны