07.09.2015, 14:47 4541

Қазақстанда автокомпоненттер импортын ҚҚС төлеуден босату ұсынылуда - ҚР ИДМ

Автокөлік құрастыру саласындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін импорттық автокомпоненттерді қосымша құн салығын төлеуден босату ұсынылды, деп мәлімдеді бүгін ведомство басшысы Исет Исекешев Парламент Мәжілісінде "Қазақстанныӊ индустриалды-инновациялық саясаты мәселелері бойынша заӊнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасына таныстыру барысында

Астана. 7 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Автокөлік құрастыру саласындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін импорттық автокомпоненттерді қосымша құн салығын төлеуден босату ұсынылды, деп мәлімдеді бүгін ведомство басшысы Исет Исекешев Парламент Мәжілісінде "Қазақстанныӊ индустриалды-инновациялық саясаты мәселелері бойынша заӊнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасына таныстыру барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Отандық өндірушілерді қолдау бағытында моторлы көлік құралдарын құрастыратын заӊды тұлғалар машина жасауға қажетті импорттық бұйымдарға салынатын қосымша құн салығынан босатылуы тиіс", - деді И.Исекешев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, бүгінгі таӊда LG Electronic, General Electric, Toyota, KIA, Huindai, Peugeout, Siemenes сияқты компаниялармен бірқатар ортақ жобалар бар.

"Осы жобаларды табысты жүзеге асыру үшін және олардыӊ трансұлттық компанияларда жақсы жұмыс жасауы үшін жеӊілдікті режімді сақтау қажет, осыған байланысты аталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды импорттау кезінде салықтық кедендік жеӊілдіктер енгізу ұсынылады", - деп нақтылады ол.

Оған қоса, заӊнама аясында Қазақстанда кәдеге жарату алымын немесе өнімдердіӊ, оныӊ ішінде автокөлік құралдарыныӊ қалдықтарын кәдеге жарату тетігін енгізу ұсынылуда.

"РФ-да елге кірген барлық көлік құралдарынан кәдеге жарату алымы алынатыны мәлім, ол екі рөлге ие. Біріншіден, ол ДСҰ алдындағы міндеттемеге байланысты импорттық баж салықтарыныӊ төмендеуініӊ орнын толтырады, яғни Ресей нарығын импорттан қорғайды. Екіншіден, ЕАЭО елдерінде өндірілген кедендік салықтар төлеуден босатылған автокөліктерді әкелуді шектейді. Осылайша, тіпті Ресей нарығында қазақстандық өнім жергілікті өндірушілермен бәсекелесе алмайды", - деп түсіндірді ол.

Оған қоса, отандық өндірушілер үшін кәдеге жарату алымын төлеумен байланысты шығындардыӊ орнын толтыру қарастырылған, ол кәдеге жарату алымы есебінен экологиялық таза көлік құралдары өндірісін қаржыландыруды ескере отырып жүргізіледі.

"Қазақстанныӊ индустриалды-инновациялық саясаты мәселелері бойынша заӊнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы Мемлекет басшысыныӊ 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ 55,56,57,59,63,86 қадамын жүзеге асыруға бағытталған және әлдеқайда жағымды инвестициялық ахуал жасау, энергия сервистік қызметтер нарығын дамыту, Қазақстандағы туризм индустриясын одан әрі жүйелі дамыту, нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тарту, инновациялық кластерлерді дамыту мақсатында жасалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны