06.04.2015, 17:03 4422

Қазақстанда автожол жобаларын жүзеге асыруға Ұлттық қордан 301 млрд теӊге бөлінеді

Ұлттық қордан автожол жобалрын жүзеге асыруға 301 млрд теӊге бөлінеді, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрініӊ бірінші орынбасары Марат Құсайынов

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Ұлттық қордан автожол жобалрын жүзеге асыруға 301 млрд теӊге бөлінеді, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрініӊ бірінші орынбасары Марат Құсайынов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ұлттық қордан автожол жобалрын жүзеге асыруға 301 млрд теӊге бөлінеді, оныӊ ішінде 2015 жылы - 178 млрд теӊге, 2016 жылы - 123 млрд теӊге", - деді вице-министр, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

М.Құсайынов атап өткендей, ФАБ қарыздары есебінен қолдау ретінде 6,3 млрд доллар қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, 2015-2020 жылдар аралығында "Орталық-Оӊтүстік", "Орталық-Шығыс", "Орталық-Батыс" сынды ірі автожол жобалары жүзеге асырылады.

М.Құсайынов атап өткендей, жобаларды жүзеге асырудыӊ экономикалық әсері өнімніӊ өз бағасыныӊ транспорттық қысқартылуына қажетті болады.

Жаӊа экономикалық саясат Елбасыныӊ 2014 жылдыӊ 11 қарашасында Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарыныӊ 4 тармағына сәйкес, және 11 ақпанда өткен Үкімет отырысында Елбасы жүктеген тапсырмалар мен 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Бағдарламаныӊ басты мақсаты - елдіӊ шағын аудандарыныӊ интеграциясы арқылы бірыӊғай экономикалық нарықтыӊ қалыптасуы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны