02.02.2015, 20:57 3811

Қазақстанда автожолдар құрылысына 2020 жылға дейін 2,4 трлн теӊге бағытталады - Ж.Қасымбек

Таяу бес жыл бойы Қазақстанда автожол құрылысына 2,4 трлн теӊге бөлінеді, деп мәлімдеді бүгін "Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол" атты жаӊа экономикалық саясат аясындағы көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған Парламент Мәжілісініӊ Экономикалық реформа және өӊірлік даму комитетініӊ отырысында ҚР инвестиция және даму вице-министрі Жеӊіс Қасымбек

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Таяу бес жыл бойы Қазақстанда автожол құрылысына 2,4 трлн теӊге бөлінеді, деп мәлімдеді бүгін "Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол" атты жаӊа экономикалық саясат аясындағы көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған Парламент Мәжілісініӊ Экономикалық реформа және өӊірлік даму комитетініӊ отырысында ҚР инвестиция және даму вице-министрі Жеӊіс Қасымбек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін автожол саласында 2020 жылға дейін жалпы құны 2,4 трлн теӊгеге 12 мегажоба іске асырылмақ, 7,5 мыӊнан астам жолды қалпына келтіру жоспарланған", - деді Ж.Қасымбек, деп хабарлайды http://www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, инфрақұрылымдық қаӊқа Астана және макроөӊірлерді магистаралді автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады.

"2015-2017 жылғы бюджет жобасында 707 млрд теӊге қарастырылған, немесе біздіӊ министрліктіӊ даму бюджетініӊ 80% автомобиль жолдарымен байланысты. Қосымша Ұлттық қордан 2015-2016 жылдары 321 млрд теӊге бөлу жоспарланып отыр. Бұл жобаларды толық жүзеге асыру үшін 2020 жылға дейін халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат тарту көзделген, бүгінгі таӊда келіссөздер белсенді жүргізілуде", - деп баса айтты вице-министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны