01.04.2011, 13:28 3536

Қазақстанда азық-түлік бағасы 12,6 пайызға өскен

Қазақстанда 2011 жылдың наурыз айында 2010 жылдың наурыз айымен салыстырғанда азық-түлік бағасы 12,6 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 1 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2011 жылдың наурыз айында 2010 жылдың наурыз айымен салыстырғанда азық-түлік бағасы 12,6 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың наурыз айында азық түлік тауарларына баға өткен 2010 жылдың наурыз айымен салыстырғанда жармаға 91,3 пайыз, жеміс жидекке - 23,1 пайыз, май мен мал майына - 22,4 пайыз, қантқа - 14,6 пайыз, ұнға - 12,8 пайыз, кофе, шай мен какаоға - 10,8 пайыз, сүт өнімдеріне - 9 пайыз, бөлке және ұн өнімдеріне - 7,9 пайыз, кондитерлік тағамдарға - 7,4 пайыз, макарон өнімдеріне - 5,1 пайыз, жұмыртқа мен алкоголь ішімдіктеріне - 4,4 пайыз, нанға - 3,3 пайыз өскен.

Аталмыш мерзімде ет және ет өнімдерінің бағасы 15,1 пайызға өскен. Қой етінің бағасының өсуі 15,2 пайызды құраса, шұжық өнімдері 10,8 пайызға, құс еті - 10,6 пайызға, жылқы еті - 9,9 пайызға, шошқа еті - 6,9 пайызға өскен, деп атап өтті статистикалық мекемеден.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны