19.01.2009, 19:08 3068

Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің бағасы Еуропадағыдан жоғары - апталық

Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің бағасы Еуропадағыдан жоғары - апталық

Алматы. 19 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің бағасы Еуропадағыдан жоғары. Бұл туралы Қазақстанның азық-түлік өнімдерін өндірушілері одағының басшысы Анатолий Попелюшко айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Мы выбираем Караван, Караван выбирает нас" апталығына сілтеме жасап.

"Қазақстан ел ішінде тұтынылатын күріштің төрттен бір бөлігін, өсімдік майының үштен бір бөлігін, шұжықтың тең жартысын, ет консерві, ірімшік пен маргариннің, тоқаш пен қанттың жартысын, құрғақ сүт пен қойыртылған сүттің үштен екі бөлігінен астамын, жеміс және көкөніс консервілерін тұтастай дерлік шетелдерден сатып алады. Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің басым бөлігінің бағалары кей жерлерде теңессе, кей жерлерде Еуропадағы бағадан әлдеқайда асып түсті. Баға осындай болған жағдайда, ресми мәліметке сәйкес, азық-түлік өнімдерін импорттау жүздеген пайыз пайда әкеледі", - деп жазады басылым.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны