01.11.2012, 13:24 3615

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 4,9 пайызға қымбаттады

2012 жылғы қазанда 2011 жылдың тиісті айымен салыстырғанда баға балық және теңіз өнімдеріне 6,1%-ға, кофе, шай және какаоға - 5,7%, тоқаш және ұн өнімдеріне - 5,6%, кондитерлік өнімдерге - 5,3%, алкогольді ішімдіктерге - 4,5%, макарон өнімдеріне - 3,8%, сүт өнімдеріне - 3,6%, нанға - 2,1%, жемістер мен көкөністерге - 2%, ұнға - 0,9%-ға өсті. Бұл жайында ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде келтірілген.

Алматы. 1-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылдың қазан айында 4,9 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылғы қазанда 2011 жылдың тиісті айымен салыстырғанда баға балық және теңіз өнімдеріне 6,1%-ға, кофе, шай және какаоға - 5,7%, тоқаш және ұн өнімдеріне - 5,6%, кондитерлік өнімдерге - 5,3%, алкогольді ішімдіктерге - 4,5%, макарон өнімдеріне - 3,8%, сүт өнімдеріне - 3,6%, нанға - 2,1%, жемістер мен көкөністерге - 2%, ұнға - 0,9%-ға өсті. Бұл жайында ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде келтірілген.

Бағаның төмендеуі жармаларға 30,9%, қантқа - 12,3%, май және тоң майға - 3%-ға байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 12,7% құрады. Сиыр етіне баға деңгейі 16,3%-ға, қой және шошқа етіне - 15,6%-ға, жылқы етіне - 15%, шұжық өнімдеріне - 6,4%, құс етіне - 5,8%-ға жоғары болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны