01.07.2008, 16:40 2680

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы маусымда 29,3%-ға өсті

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы маусымда 29,3%-ға өсті

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 2008 жылғы маусымда 2007 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 29,3%-ға өсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, "ұн бағасы 80,8%-ға, күріш бағасы 63,8%, нан 46,2%, жарма өнімдері 18,2%-ға өсті".

Сонымен бірге, май мен тоң май бағасы 67,7%, сүт өнімдері мен жұмыртқа 34,2%-ға өсті. Жеміс бағасы 29,1%, көкөніс - 20,5%, кондитерлік өнімдер - 15,7% қымбаттады, делінген хабарламада.

Агенттік ақпаратына сәйкес, "осы мерзімде ет және ет өнімдерінің бағасының өсімі 22,5%, балық және теңіз өнімдерінің өсімі 16,5% құрады. Құс етінің баға деңгейі 29,4%, жылқы еті - 28,8%, қой еті - 20,4%, шұжық өнімдері - 20,3%, шошқа еті - 19,3% қымбаттады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны