09.09.2015, 13:46 4375

Қазақстанда бағамдық айырма жеке тұлғалардыӊ 2 млн депозиті бойынша төленеді - ҚР Ұлттық банкі

Қазақстан Республикасы Президентініӊ тапсырмасы бойынша ҚР Ұлттық Банкі Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардыӊ ұлттық валютада (теӊгеде) ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу тетігін әзірлеп

Астана. 9 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентініӊ тапсырмасы бойынша ҚР Ұлттық Банкі Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардыӊ ұлттық валютада (теӊгеде) ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу тетігін әзірлеп, тәртібін бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тәртіпке сәйкес, салымшыда 2015 жылғы 18 тамыз операциялық күнніӊ соӊында екінші деӊгейдегі банктерде және /немесе "Қазпочта" АҚ-та теӊгемен ашылған депозит болған кезде оған бағамдық айырма төленетін болады. Бұл ретте 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша банк шотындағы салым бойынша қалдық 1 миллион теӊгеден аспауға тиіс.

Бағамдық айырманы төлеу жеке тұлғалардыӊ мерзімді депозиттері бойынша жүзеге асырылады.

Бағамдық айырманы алу үшін салымшы депозитті арнайы шотта кемінде бір жыл сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады.

Салымшылар 2015 жылғы 1 қазанға дейін банкке депозитті қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы қажет.

Өтемақы тетігініӊ шеӊберінде 2 млн. жуық салымшыға бағамдық айырманы төлеу жоспарланып отыр.

Ақы төлеу шарттарымен Ұлттық Банктіӊ сайтында "Қаржылық қызметтерді тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау" бөлімінде танысуға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны