10.12.2011, 10:50 6004

Қазақстанда бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі құрылады

Алғаш рет Қазақстанда 9-11 желтоқсан аралығында Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Қазақстан студенттері арасында еркін және ашық бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша чемпианат өтуде. Бұл туралы "Зерде" Ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 10-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда өзіндік бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, алғаш рет Қазақстанда 9-11 желтоқсан аралығында Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Қазақстан студенттері арасында еркін және ашық бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша чемпианат өтуде. Бұл туралы "Зерде" Ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

2011 жылғы 9 желтоқсанда сағат 10.00-де аталмыш чемпионат аясында Қазақстан Республикасында еркін және ашық бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және дамытуға арналған баспасөз-мәслихаты өтті.

Аталмыш конференцияға "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Бикеш Құрманғалиева, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков, еркін және ашық бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз сарапшы Каринэ Котоянц қатысты.

Еркін бағдарламалық қамтамасыз ету (ЕБҚ) бағдарлама кодын шектеусіз орнатуға және іске қосуға, еркін түрде пайдалануға және зерттеуге, таратуға және өзгертуге мүмкіндік береді. ЕҚБ ең көп тараған Apache веб-сервері мен әйгілі Википедияның негізін қалған. Еуропадағы көптеген мемлекеттік мекемелер бүгінгі таңда ЕБҚ-ға көшкен, бірқатарының көшу ниеті бар. Сондай-ақ, Қытай және Үндістан сынды континенттің азиялық бөлігінде орналасқан мемлекеттер де ЕБҚ-ға көшуде. Еркін бағдарламалық қамтамасыз етуді кез-келген компьютерге еркін түрде орнатуға және пайдалануға болады. Мұндай БҚ барлық жерлерде: мектептер, кеңселер, ЖОО, дербес компьютерлер және барлық коммерциялық емес және мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде еркін қолданысқа ие.

Баспасөз мәслихаты барысында Бикеш Құрманғалиева: "Елімізде ЕБҚ пайдалану тәжірибесін енгізу отандық ІТ-саласын бәсекеге қабілетті етеді, сондай-ақ, бюджеттік қаражатты үнемдеуге оң ықпалын тигізеді. Кодтардың әзірлеушілер үшін ашық және қолжетімді болуы ақпараттық қауіпсіздікті, ақпараттық өнімдердің сапасын арттыруға, инновацияларды дамытуға және елімізде меншікті БҚ пайда болуын қамтамасыз етеді", - деп атап өтті.

Демек, ол "бұл проблеманы шешу үшін Қазақстан екі бағыт бойынша қадам жасау керек. Біріншісі, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге ашықтық және стандарттарға сәйкестік деңгейі бойынша нақты талаптарды ұсынатын нормативтік-техникалық реттеуді әзірлеуді мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету. Екіншіден, еркін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануды ынталандыруды қамтамасыз ету. Бұл мемлекетке бірқатар артықшылықтарды ұсынады - еркін тираждау мүмкіндігімен байланысты экономикалық артықшылықтардан бастап технологиялық және саяси артықшылықтарға дейін (технологиялық саясаттағы үлкен дербестік)" екендігін баса көрсетті.

"Шешімдердің бірі "Зерде" холдингімен ұсынылған Қазақстан Республикасында еркін бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңінен пайдалануды дамыту бойынша бағдарлама жобасы болуы мүмкін", - деп ұсыныс жасады.

Сонымен қатар, "бағдарламаның жобасы талқылауды және кездесу қатысушыларының тарапынан ұсыныстар енгізуді талап ететін жұмыс нұсқасы болып табылады", - деді Құрманғалиева ханым.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны