22.07.2014, 19:43 4206

Қазақстанда банк секторының біріктірілуі күтілуде - Ұлттық банк

Ұлттық банктің болжамынша, алдағы уақытта Қазақстанда банк секторында біріктірулер жоспарлануда, - деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінің Үкімет отырысы қорытындысына арналған брифингінде.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Ұлттық банктің болжамынша, алдағы уақытта Қазақстанда банк секторында біріктірулер жоспарлануда, - деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінің Үкімет отырысы қорытындысына арналған брифингінде.

"Акционерлер жауапкершілігін арттыру ұсынылды. Жауапкершілікті арттырудың бір әдісі ірі көлемде капитал салу болып табылады. Алдағы уақытта қазақстандық банктерді біріктіру қолдға алынады деп күтілуде. Жыл соңына дейін бірқатар банктердің ниеттері туралы айтылады", - дейді Қ.Келімбетов.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанда банк секторындағы премьер-лига құрылмақ. Жоспар бойынша, 10-15 банк барлық несиелер мен депозиттердің 95 пайызын жаппақ.

"Жоспар бойынша, Альянс пен Темір банктерінің капиталына жаңа акционерлер енбек. Қазіргі таңда насиешілермен тиісті комитеттердің келіссөздері аяқталуда. Бізге белгілісі, тараптар келісімге келіп жатыр. Алдағы уақытта біріккен банкті көретін боламыз, онда Альянс және Темір банктері мен Форте банкі қосылмақ", - дейді.

Бастапқыда оның капиталы 120 млрд теңгеден аспақ.

Келімбетовтың айтуынша, осы арқылы банктерді қайта құру бағдарламасы аяқталмақ.

"Жыл соңына дейін Казком мен БТА банкі өздерінің бірігу бағдарламаларын жариялайды. Осы арқылы біз елімізде жаңа ірі жүйе құрушы банкке қол жеткіземіз", - дейді Қ.Келімбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны