10.12.2011, 11:25 3938

Қазақстанда Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомагистраль құрылысының аясында "Тараз-Шымкент" автожол учаскесі іске қосылды

Елбасы көліктік күре жол Қазақстанның бірнеше облысының аумағы бойынша өтетінін, құрылыс барысында көптеген жұмыс орындары ашылғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.

Астана. 10-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан телекөпір барысында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомагистраль құрылысының аясында "Тараз-Шымкент" автожол учаскесі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасы көліктік күре жол Қазақстанның бірнеше облысының аумағы бойынша өтетінін, құрылыс барысында көптеген жұмыс орындары ашылғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.

Илемдік маңызы бар заманауи "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" мегажобасы - Шығыс Азия елдерінен Батыс Еуропа елдеріне баратын жолдағы ең маңызды халықаралық көліктік және транзиттік желілердің бірі болып табылады.

Магистраль құрылысын 2013 жылы толықтай аяқтау көзделген. 2020 жылға қарай жүк айналымы 2 есеге артады. Батыс Еуропа мен Қытай арасындағы тауар жеткізу жылдамдығы қазір жұмыс істеп тұрған теңіз арқылы тасымалдаумен салыстырғанда 3 жарым есеге қысқарады.

Бұл алпауыт трансқұрлықтық күре жол біздің еліміздің дамуы үшін де зор маңызға ие. Бүгінгі таңда жобада 35 мыңнан астам адам тер төгуде. Жолдың айналасында тармақтау инфрақұрылымы салынатын болады. Шағын және орта кәсіпкерліктің, сервистік индустрия, туризм және экономиканың басқа да салаларының дамуына серпін беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны