06.06.2016, 21:32 4775

Қазақстанда "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жобасыныӊ барлық бақыттары бойынша қозғалыс ашылады

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жобасыныӊ іске асырылуынан бастап 2 028 шақырым жолдыӊ құрылысы аяқталды және Оренбург пен Тараз-Алматы учаскілеріне шығатын Шымкенттен РФ аумағына дейінгі қозғалыс ашылды

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жобасыныӊ іске асырылуынан бастап 2 028 шақырым жолдыӊ құрылысы аяқталды және Оренбург пен Тараз-Алматы учаскілеріне шығатын Шымкенттен РФ аумағына дейінгі қозғалыс ашылды, деп инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев ҚР Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ағымдағы жылы жұмыс Алматы-Хоргос (304 шақырым), Шымкент-Ташкент (100 шақырым) және Шымкент-Жамбыл облысыныӊ аумағындағы (81 шақырым) учаскілерінде жүргізіледі және олар жыл қорытындысында толығымен аяқталып, барлық дәліздіӊ бағыты бойынша қозғалыс ашық болады. Сонымен қатар, өткен жылдан бастап Қордай айналмалы жолыныӊ 1-ші санатқа көшу бойынша 2-ші кезеӊініӊ құрылыс жұмысы басталды",-деді И.Исекешев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Алматы-Бішкек автожолдарында қарқындылықтыӊ 2 есеге ұлғаюына орай және Ұзынағаш-Отар учаскілерінде соқтығыстардыӊ көп бөлу салдарынан 4 жолақты қозғалысы бар I-технологиялық санатқа көшіру жоспарланған.

ҚР ИДМ хабарлағандай, учаскіні қаржыландыру Дүниежүзілік банк несие жинақ есебінен қаржыландырылатын болады. Ағымдағы жылдыӊ 2 тоқсанында несиелік келісімге қол қою және конкурстық процедураларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қайта құру 2017 жылы басталады, ал 2019 жылы аяқталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны