16.05.2008, 13:51 3367

Қазақстанда базалық зейнетақы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 600 теңгеге ұлғайтылады - Сұлтанов

"Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны 600 теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр. Бірақ, бағаның шарықтай өсуі жыл басынан бері байқалғандықтан, ағымдағы жылдың алғашқы алты айы үшін зейнеткерлерге 600 теңгеден зейнетақы өтемақысы беріледі", - деді Б. Сұлтанов.

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда базалық зейнетақы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 600 теңгеге ұлғайтылады, сондай-ақ, зейнеткерлер ағымдағы жылдың алғашқы алты айы үшін де 600 теңгеден өтемақы алады. Бұл туралы бүгін еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны 600 теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр. Бірақ, бағаның шарықтай өсуі жыл басынан бері байқалғандықтан, ағымдағы жылдың алғашқы алты айы үшін зейнеткерлерге 600 теңгеден зейнетақы өтемақысы беріледі", - деді Б. Сұлтанов.

Оның түсіндіруінше, базалық зейнетақыны өзгерту ең төменгің күнкөріс деңгейінің көрсеткішін 10 515 теңгеден 12 025 теңгеге дейін көтеруге байланысты. "Тиісінше, қазір 4 210 теңгені құрайтын базалық зейнетақыны 600 теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр, сонымен бірге, нақтыланған бюджеттің жобасында зейнеткерлерге бір реттік өтемақы бөлу көзделген",- деді министр.

"Сонымен бірге, заңнамаға сәйкес ең төменгің күнкөріс деңгейінің көрсеткішіне еселі базалық әлеуметтік төлемдер де 14,4%-ға өседі", - деді Б. Сұлтанов. "Яғни, осындай жәрдемақы алатындар үшін (бірінші кезекте мүгедектер) өсім 755 - 2000 теңге аралығында болмақ", -деді ол.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, нақтыланған бюджет жобасында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысын 7500 теңгеге дейін көтеру ұсынылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны