13.05.2014, 20:46 1897

Қазақстанда бекіту-пломба құрылғыларын автоматтандырылған тіркеу жүйесін енгізу жоспарлануда

Қазақстанда бекіту-пломба құрылғыларын автоматтандырылған тіркеу жүйесін енгізу жоспарлануда

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстанда бекіту-пломба құрылғыларын автоматтандырылған тіркеу жүйесін енгізу жоспарлануда.

Темір жол көлігімен тасымалданатын жүктердің сақталуы мен бақылау мақсатында Қазақстанда бекіту-пломбалау құрылғылардың автоматтандырылған тіркеу жүйесін (БПҚ АТЖ) енгізу мәселесі жөнінде жұмыс тобы құрылды. Бұл шешім Көлік және коммуникация министрлігіндегі болған жиналыста қабылданды.

Жиналыс барысында ҚР ККМ Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов БПҚ тіркеу жүйесін енгізу тасымалданатын жүктің сақталуын қамтамасыз етіп, бақылау сапасын жоғарылатып, ҚР аумағында контракфактілік өніммен күресті күшейтеді.

"Бұл жүйенің артықшылығы - толассыз нөмірлеу енгізу арқылы барлық БПҚ өндірушілердің бірыңғай тіркеу саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл вагондар мен контейнерлерді пломбалау барысында контрафактілік пломбалардың қолданылуына жол бермейді, сөйтіп ол бір пломбаға екі түрлі нөмір беруге мүмкіндік туғызбайды. Жүйеге станцияның қызметкерлері ғана кіре алатындығына байланысты, пломбаны жазасыз ауыстыруға мүмкіндік болмайды", - деді Дмитрий Потлов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны