17.01.2007, 14:49 3062

Қазақстанда биыл экспорт пен инвестицияларды қолдау жөніндегі корпорация құрылады - Келімбетов

АСТАНА. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанда биыл экспорт пен инвестицияларды қолдау жөніндегі корпорация құрылады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Корпорация "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ мен "Қазақстанның инвестицияларға қолдау көрсету жөніндегі орталығы" ЖШС-ін біріктіру арқылы құрылады",- деді Қ.Келімбетов. Оның айтуынша, жаңадан құрылатын корпорация "Қазақстан экспортын шетелдерге шығаруға және ел экономикасының шикізаттан басқа салаларын дамыту үшін басқа елдерден инвестициялар тартуға түрткі болу" мақсатын көздейтін болады.

Ал "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ төрағасының кеңесшісі Гаяне Африкянның айтуынша, жаңа корпорацияны құрудағы басты мақсат - еліміздегі шетелдік компаниялардың инвестициялық іс-қызметтерін қолдау арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту, қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық іс-қызметіне қолдау көрсету болып табылады. Ол отандық және шетелдік кәсіпорындар арасында іскерлік байланыстар орнатуға қолдау көрсету міндетін атқармақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны