29.12.2009, 11:51 2875

Қазақстанда биыл Жалпы ішкі өнімнің өсімі 0,5% - 1% дейін, инфляция - 6,3% құрайды - Кәрім Мәсімов (толықтырылған)

Қазақстанда биыл Жалпы ішкі өнімнің өсімі 0,5% - 1% дейін, инфляция - 6,3% құрайды - Кәрім Мәсімов (толықтырылған)

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда биыл, алдын-ала мәліметке сәйкес, Жалпы ішкі өнімнің өсімі 0,5% - 1% дейін, инфляция - 6,3% құрайды. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен Қазақстанның 2009 жылы, алдын-ала мәліметке сәйкес, Жалпы ішкі өнімнің оң өсіміне шыққанын үлкен қуанышпен хабарлағым келеді. Өсім мөлшері 0,5 - 1% құрайды. Инфляция 2009 жылы алдын-ала мәліметке сәйкес 6,3% шамасында, жұмыссыздық көрсеткіші - 6,3 - 6,5% болмақ", - деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, түпкілікті қорытынды 2010 жылдың қаңтар айының аяғында мәлім болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны