03.02.2016, 17:45 3932

Қазақстанда білім беру депозиттерініӊ табыстылығы арттырылды

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МБЖЖ) қатысушы банктер білім беру депозиттері бойынша табыстылықты арттырды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МБЖЖ) қатысушы банктер білім беру депозиттері бойынша табыстылықты арттырды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесініӊ білім беру жинақтау салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгертілді. Ақша-кредиттік саясат жөніндегі техникалық комитеттіӊ 2016 жылғы 30 қаӊтардағы шешімімен Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық банкі ағымдағы жылдыӊ 2 ақпанынан бастап жеке тұлғалардыӊ депозиттері бойынша базалық мөлшерлемені 17 % деӊгейінде белгіледі", - делінген хабарламада, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Осыныӊ негізінде 2016 жылғы 2 ақпаннан бастап МБЖЖ-ға қатысушы банктер білім беру жинақтау салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтерді. Осылайша, бұдан былай ай сайынғы сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14%, ал мемлекеттік сыйақы - 5 % немесе 7 % (жеӊілдікті санаттағылар үшін) құрады.

"Мемлекеттік сыйақы мен банктіӊ сыйақысы капиталға айналып, білім беру жинақтау салымдары бойынша табыстылық жылына 19 % құрайды, соныӊ есебінен салымшы білім беру қызметтерін сатып алу барысында шығыстардан 30-40% дейін үнемдейді", - деп түсіндірді министрлікте.

МБЖЖ жүйесі Қазақстан Республикасыныӊ әрбір азаматына өзініӊ не баласыныӊ атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны келешекте Қазақстанныӊ және шетел колледждері мен ЖОО-ларында оқудыӊ ақысын төлеу үшін пайдалана алады.

ҚР БҒМ мәліметінше, бүгінгі таӊда елде 14 000 астам МБЖЖ білім беру жинақтау салымы ашық.

Білім беру жинақтау салымыныӊ басты ерекшелігі: табыс түрі ретінде мемлекет сыйақысына салық салынбайды; білім беру жинақтау салымдары 10 млн теӊгеге дейін Қазақстанныӊ салымдарды кепілдендіру қорыныӊ нысаны болып табылады, минималды бастапқы жарна - 3 АЕК (2016 ж. 6363 теӊге); жинақтау мерзімі - 20 жылға дейін; мемлекеттіӊ атынан бұл жүйеніӊ операторы ретінде ҚР БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ-ныӊ 100% кепіл болуымен банктен білім беру кредитін алуға мүмкіндік бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны