20.02.2014, 19:14 10088

Қазақстанда бірыңғай бизнес-инфрақұрылымы құрылады - С.Жұманғарин

Сонымен қатар, ШОБ субъектілері саны мен халықтың ондағы үлес салмағын арттыру жыл сайын арттыру үшін оқыту бағдарламасы жұмыстары белсендендіріледі. Бағдарламалармен қатар бастауыш кәсіпкерлер үшін "Бизнес-кеңесші" өз кәсіптерін ашқан кәсіпкерлер үшін "Бизнес өрлеу" жобасын іске асырады.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда бірыңғай бизнес-инфрақұрылымы құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

"Мемлекеттік қолдау шарттары мен құралдары, кәсіпкерлік ашу мен жүргізу бойынша кеңес беру мен ақпараттандыруға халықтың экономикалық белсенділігін арттыру мүмкіндігіне жол ашатын біріңғай бизнес-инфрақұрылым құрылады", - дейді С.Жұманғарин.

Сонымен қатар, ШОБ субъектілері саны мен халықтың ондағы үлес салмағын арттыру жыл сайын арттыру үшін оқыту бағдарламасы жұмыстары белсендендіріледі. Бағдарламалармен қатар бастауыш кәсіпкерлер үшін "Бизнес-кеңесші" өз кәсіптерін ашқан кәсіпкерлер үшін "Бизнес өрлеу" жобасын іске асырады.

"20 желтоқсанда Мемлекет басшысына барлық ақпараттың бір жерге топтастырылған бірыңғай бизнес-портал таныстырылды. Порталда онлайн кеңес беру қызметі жұмыс істейді. Ол қызметті пайдаланған кәсіпкер тәуліктің кез келген уақытында өзінің сауалына жауап ала алады. Кәсіпкерлерге олардың мүддесі мен құқына тиесілі нормативті-құқықтық акт жобаларын талқылау мүмкіндіктері берілген", - дейді вице-министр.

Министр орынбасарының айтуынша, бұл алаң күн тәртібіндегі мәселелерді жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бүгінде ел аумағында кәсіпкерлерге қызмет көрсететін 17 орталық қызмет етуде. Облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Семей қалаларындағы орталықтар тарапынан 9 мыңдай шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 22 мыңдай қызмет көрсетілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны