20.10.2009, 18:31 5392

Қазақстанда бірінші жел атласы жасалды

Қазақстанда бірінші жел атласы жасалды

Астана. 20 қазан. Kazakhstan Today - Астанада 2009 жылдың 21 қазанында БҰҰ Даму бағдарламасы/ Ғаламдық экологиялық қор мен ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің бірлескен "Қазақстан - жел энергетикасы нарығын дамыту бастамасы" атты жобасының аясында Қазақстанның бірінші жел атласының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today БҰҰ Даму бағдарламасының хабарламасына сілтеме жасап.

Хабарламада атап көрсетілгендей, "Қазақстанның бірінші жел атласы дегеніміз - таңдап алған жердегі желдің жылдық орташа жылдамдығы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін интерактивті карта. Соның арқасында электр қуатын алу үшін елдің түрлі өңірлерінде желдің қуатын пайдалану мүмкіндігін анықтауға болады".

Жел атласына сәйкес, Қазақстан аумағының 50 мың шаршы метрден астам аумағында айтарлықтай жел әлеуеті бар, оны теориялық тұрғыда жылына 900 мың ГегаВатт - сағат электр қуатын алу үшін пайдалануға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны