12.08.2008, 18:16 3590

Қазақстанда бірнеше пайдалы қазба кеніштері мен учаскелер байқауға шығарылды

Қазақстанда бірнеше пайдалы қазба кеніштері мен учаскелер байқауға шығарылды

Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі бірнеше пайдалы қазба кеніштері мен учаскелерде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге ашық байқау жариялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Атап айтсақ, үкімет байқау жариялаған кеніштер : Қарағанды облысындағы Шығыс Қаражал кеніші, жер қойнауын пайдалану операциясы - марганец кеніштерін барлау және өндіру; Шығыс Қазақстан облысындағы Чекмарь кеніші (6,9 шаршы шақырым), операция түрі - полиметалдарды барлау және өндіру; Шығыс Қазақстан облысындағы Бутачихинск-Кедровский блогы (700 шаршы шақырым), операция түрі - түсті металл мен алтынды барлау.

Сондай-ақ, Қостанай облысындағы Сахаровско-Адаевский учаскесі (734,4 шаршы шақырым), операция түрі - түсті және бағалы металл іздеу; Қостанай облысындағы Қарабайтал учаскесі (570 шаршы шақырым), жер қойнауын пайдалану операцияларының түрі - барлау, пайдалы қазба - түсті және бағалы металл; Қарағанды облысындағы "Жезказганцветмет" АҚ-ның есі қалдықтар қоймасы ОФ N1,2 , 4,5 шаршы шақырымдағы байыту қалдықтары, операциялар түрі - мысты барлау және өндіру.

Байқау шартына сәйкес, Шығыс Қаражал кенішін алудан үмітті инвесторлар 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін жылына 100 мың тонна көлемінде ферроқорытпалар мен болат балқыту өнімдерін өндіруді жолға қою, ферроқорытпалар мен болат балқыту өнімдерін өндіретін пеш салу; жылына 18 мың тонна электрокальцийлі антрацит өндіруді жолға қоюға тиіс. Анод және катод блоктарының жылдық өндіру жоспары 100 мың тоннаны құрауы қажет.

Төрт нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін жылына 70 мың тоннаға дейін катод мысын өндіретін мыс балқыту және электролиз зауытын салу талабы қойылады. Осынау өндірістік нысандар 2010 жылдың басына дейін пайдалануға беріліп, 2011 жылы жобалық қуатына қол жеткізуге тиіс.

Сонымен бірге, қалдық қоймасы бойынша инвесторлар жоғары технологияларды пайдалана отырып жылына 10 мың тоннаға дейін катод мысын өндіретін зауытты салып, оны 2009 жылдың 1 шілдесіне дейін пайдалануға беруге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны