10.11.2015, 17:19 4321

Қазақстанда бюджет саласы қызметкерлерініӊ еӊбекақылары келер жылдыӊ қаӊтарынан бастап 40% дейін артуы мүмкін - ҚР ДСИДМ

Қазақстанда еӊбекақы төлеудіӊ жаӊа жүйесін енгізу нәтижесінде 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап қызметкерлердіӊ түрлі санаттарыныӊ еӊбекақыларын 40% дейін арттыру күтілуде, деп мәлімдеді бүгін Астана әкімдігінде өткен кеӊесте денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова

Астана. 10 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда еӊбекақы төлеудіӊ жаӊа жүйесін енгізу нәтижесінде 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап қызметкерлердіӊ түрлі санаттарыныӊ еӊбекақыларын 40% дейін арттыру күтілуде, деп мәлімдеді бүгін Астана әкімдігінде өткен кеӊесте денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Денсаулық сақтау жүйесінде жаӊа жүйені енгізуді ескере отырып, еӊбекақыны арттыру көзделуде, денсаулық сақтау саласында - 7% -дан 28%-ға дейін, білім беру саласында - 15%-дан 29%-ға дейін, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және өзге салаларда - 15%-дан 40%-ға дейін", - деді Т.Дүйсенова, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Сонымен бірге, ол түсіндіріп өткендей, өсім қызметкердіӊ білім, біліктілік, жұмыс өтілі деӊгейіне байланысты әртараптандырылады.

Оныӊ мәліметінше, еӊбекақы төлеудіӊ жаӊа жүйесін жүзеге асыруға бюджетте 272,6 млрд теӊге көлемінде қаражат қарастырылады, оныӊ ішінде 229 млрд теӊгеге жуығы мақсатты трансферлер ретінде жергілікті атқарушы органдарға еӊбекақы төлеуге жұмсалады.

"Енгізілетін жүйені ескере отырып, мұғалімніӊ лауазымдық қызметақысыныӊ 61% негізгі жалақыдан тұрса, ал 38,8% - үстемеақы болмақ. Дәл солай дәрігерлерде 59% - лауазымдық қызметақы, 39,1% - үстемеақы", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

"Жалпы, жаӊа жүйені енгізу, лауазымдарды бірінші санаттан басқасына ауыстыру өз нәтижесін берді. Осылайша, егер жоғары білімді жоғары санатты мұғалім еӊбекақы төлеудіӊ қазіргі жүйесі бойынша 75543 теӊге алса, жаӊа үлгі бойынша ол 89193 теӊге алады. Яғни, өсім 18%-ды құрайды", - деді Т.Дүйсенова.

Ведомствода еске түсіріп өткендей, ҚР-да 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап азаматтық қызметшілердіӊ еӊбекақысын төлеу жүйесініӊ жаӊа үлгісі енгізіледі. Аталған үлгіде азаматтық қызметшілерді біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметініӊ күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген:

Бірінші санатқа ұйымныӊ даму стратегиясы үшін жауап беретін және басқару шешімдерін қабылдайтын басқарушы персонал блогы (A блогы) жатады. Аталған блогқа ұйым басшылары мен басшылардыӊ орынбасарлары, ұйымдардыӊ бағыну деӊгейіне тәуелді (республикалық, облыстық, аудандық) құрылымдық бөлімшелердіӊ басшылары мен басшылардыӊ орынбасарлары кіреді.

Екінші блогқа ұйымныӊ негізгі функцияларыныӊ іске асырылуын қамтамасыз ететін, негізгі персонал блогы (B блогы) кіреді. Бұл блогқа дәрігерлер, мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер, ЖОО оқытушылары және ұйымныӊ негізгі функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлер кіреді. Аталған қызметкерлер үшін үш қызмет саласы: "Денсаулық сақтау" "Білім беру" және "Өзге де салалар" бойынша лауазымдық жалақыларды саралап есептеуді енгізу ұсынылады.

Үшінші блок - әкімшілік-құқықтық және шаруашылық функцияларын орындайтын әкімшілік персонал блогы (C блогы). Лауазымдардыӊ аталмыш блогы заӊгерлерді, есепшілерді, экономистерді, аудармашыларды, шаруашылық қызметініӊ меӊгерушілерін және т.б. қамтиды.

Төртіншісі - қосалқы және техникалық функцияларды іске асыратын қосалқы персонал блогы (D блогы). Бұл блогқа іс қағаздарын жүргізушілер, архивариустер, кассирлер, коменданттар мен хатшылар жатқызылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны