14.05.2009, 15:35 2558

Қазақстанда бүгінде қоршаған ортаға қатер төндіретін 105,1 тонна жарамсыз пестицидтер көмілмей отыр

Қазақстанда бүгінде қоршаған ортаға қатер төндіретін 105,1 тонна жарамсыз пестицидтер көмілмей отыр

Астарна. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бүгінде қоршаған ортаға қатер төндіретін 105,1 тонна жарамсыз пестицидтер көмілмей отыр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Агроөнеркәсіп кешендегі (АӨК) Мемлекеттік инспекция Комитетінің төрағасы Серік Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

АШМ мәліметінше, облыстарда көмбелердің болмауына байланысты облысқа республикалық бюджет есебінен сатып алынған барлық жарамсыз болған пестицидтер және олардың бос ыдыстары облыстық СЭС басқармасының, экология департаментінің және ҚР АШМ АӨК облыстық аумақтық инспекциясының бірлескен бұйрығымен құрылған комиссия мүшелерінің қатысуымен жойылады, сонымен қатар олардың жойылуы туралы акт жасалады. 2006-2008 жылдары арасында барлығы 37252 бірлік пестицидтердің бос ыдыстары, 4698 полиэтилен пакеттер және 5579 флакондар жойылды.

Түгендеу бойынша 1543,9 тонна жарамсыз пестицидтер анықталды. Бүгінгі күні қоршаған ортаға тікелей қауіп туғызатын 105,1 тонна көмілмей қалған.

Қазір Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында ғана көмбелер жұмыс істеп тұр. Басқа облыстарда (Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан) көмбелерді салу мәселесі жергілікті атқару органдары шешпей отыр.

Республикалық бюджет есебінен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды атқару үшін жыл сайын қаражат бөлінеді. Ал, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды атқаруға жергілікті бюджеттен қаражат тек Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарының әкімдіктерінен бөлінді. Батыс Қазақстан облысында жұпсыз жібек көбелегіне қарсы 3 609,0 гектар өңделді. Қарағанды облысында 53,0 гектар алаң у кекіреге қарсы өңделді. Басқа облыстарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларға қаржы бөлінген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны