10.04.2009, 16:16 3131

Қазақстанда бүкіл елдімекен көлемінде бір ғана телефон нөмірі бар 90 ауыл саналады - АШМ

Қазақстанда бүкіл елдімекен көлемінде бір ғана телефон нөмірі бар 90 ауыл саналады - АШМ

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бүкіл елдімекен көлемінде бір ғана телефон нөмірі бар 90 ауыл саналады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінде ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның отырысында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитетінің төрағасы Санат Тұңғышбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2007 - 2008 жылдарда "Қазақтелеком" АҚ-ның жоспар-кестесіне сәйкес республиканың 20-дан астам тұрғыны бар барлық елдімекендері дерлік телефонмен қамтамасыз етілді. Алайда, бүгінгі күні бүкіл елдімекен көлемінде бір ғана жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі телефон нөмірі бар 90 ауыл саналады, бірақ бұл ауылдар іс жүзінде телефонмен қамтамасыз етілген деп есептеледі", - деді С.Тұңғышбеков.

"Ал жекелеген ауылдарды телефонмен қамтамасыз ету жөнінде түпкілікті шешім қабылдау қажет", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны