13.02.2007, 13:04 2935

Қазақстанда даму институттары экономиканы сапалы түрде қайта құруға ешқандай үлес қосып отырған жоқ- вице-премьер

АСТАНА. 13 ақпан . Kazakhstan Today."Даму институттары Қазақстан экономикасын сапалы түрде қайта құруға айтарлықтай үлес қосқан жоқ". Астанада өткен үкімет отырысында бүгін үкімет басшысының орынбасары - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин осындай пікір білдірді.

"Мұндай жағдайдың қалыптасуына үкіметтің "Қазына", "Самұрық", "ҚазАгро", және "Сары-Арқа" ИКК компанияларындағы жалғыз акционерлік құқығын тиімді пайдаланбауы себеп. "Ал үкіметтің үлесі аз құрылымдармен біз мүлде айналыспаймыз",-деді ол.

А. Мусиннің пайымдауынша , "біз мемлекеттік акционер ретінде құқығымызды жүзеге асырудағы бірлескен басқарудың мәнісін түсінбейміз, сондықтан да мемлекеттің мүддесін толықтай қорғай алмай жатырмыз".

А.Мусиннің пікірінше, үкімет тәуелсіз директорлар инстиутының ақционерлік қоғамдарды мемлекеттің қатысуымен корпоративті басқарудың үлгі кодексін жасап оны енгізу жұмыстарын жылдамдатуы қажет . "Мемлекеттік активтерді басқару заңын да жедел қабылдауымыз керек",-деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны