02.09.2016, 10:16 2415

Қазақстанда декларация тапсыру жолымен 1387,8 млрд теӊге ақша жария етілді

Ағымдағы күнге барлығы 2 515,2 млрд тенге сомасында 105 380 өтініш (декларациялар) түсті, оныӊ ішінде жария етілгені 2 236,5 млрд. тенге.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда Декларация тапсыру жолымен 1 387,8 млрд. тенге сомасында ақша жария етілді, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Ағымдағы күнге барлығы 2 515,2 млрд тенге сомасында 105 380 өтініш (декларациялар) түсті, оныӊ ішінде жария етілгені 2 236,5 млрд. тенге.

"Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардыӊ жанындағы комиссияға жалпы сомасы 1 041,3 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 102 208 өтініш (декларациялар) түсті", - делінген хабарламада.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 5,3 млрд. теӊге құрайтын 127 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш (декларация) келіп түсті.

Сомасы 5,2 млрд. теӊгеге 119 объект және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деӊгейлі банктердіӊ 25.08.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 1 514,1 млрд.теӊге ақшаны жария етуге 2 884 жинақ шот ашылды.

2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд. теӊге; 2 780 декларация бойынша 1 359,6 млрд.теӊге.

26.08.2016 жылына сәйкес 1-Н есебініӊ деректері бойынша "Мүлікті жария ету үшін алым" 206110 коды бойынша бюджетке іс жүзінде 4,3 млрд.теӊге түсті, оныӊ 3,0 млрд.теӊге қайтарылған (ескі Заӊ ережесі бойынша мерзімнен бұрын түсірілген жария етілген ақша (3,1 млрд.теӊге - қайтарымға жатады).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны