01.06.2016, 15:14 5282

Қазақстанда декларация тапсыру жолымен 841,1 млрд теӊге жария етілді - Қаржы министрлігі

Ағымдағы күнге барлығы 1 754,3 млрд теӊге сомасында 89 697 өтініш (декларациялар) түсті, оныӊ ішінде жария етілгені 1 508,2 млрд теӊге, деп хабарлайды Қазақстанныӊ Қаржы министрлігі

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы күнге барлығы 1 754,3 млрд теӊге сомасында 89 697 өтініш (декларациялар) түсті, оныӊ ішінде жария етілгені 1 508,2 млрд теӊге, деп хабарлайды Қазақстанныӊ Қаржы министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардыӊ жанындағы комиссияға жалпы сомасы 892,6 млрд теӊге құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 88 412 өтініш (декларация) түсті. Оныӊ ішінде сомасы 663 млрд теӊгеге 73 546 тұрғын үй объектісі; сомасы 217,5 млрд теӊгеге 38 395 тұрғын үй емес объекті; сомасы 6,6 млрд теӊгеге заӊды тұлғалардыӊ 37 қатысу үлесі, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

"83 658 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 665,3 млрд теӊгеге жария етілді", - делінген Қаржы министрлігініӊ хабарламасында.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1 909 млн теӊге құрайтын 74 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш (декларация) келіп түсті. Оныӊ ішінде сомасы 1 294,9 млн теӊгені құрайтын 63 тұрғын үй объектісі; сомасы 13,3 млн теӊгені құрайтын 4 тұрғын үй емес объекті; сомасы 15,5 млн теӊгені құрайтын 8 заӊды тұлғалардыӊ қатысу үлесі; 585,4 млн теӊге сомасында бағалы қағаздар. Осылайша, сомасы 1 855 млн теӊгеге 71 объект және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деӊгейлі банктердіӊ ағымдағы жылдыӊ 27 мамырына жағдайы бойынша жалпы сомасы 881,4 млрд теӊге ақшаны жария етуге 1 255 жинақ шот ашылды, (соныӊ ішінде ішінде шоттан шешілгені 853,3 млрд теӊге) соныӊ ішінде: заӊнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд теӊгеге 2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы; 21,6 млрд теӊге әлі жария етілмеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 984,1 млн теӊге көлемінде 17 декларация түсті. 841,1 млрд теӊге сомасында ақша жария етілді, соныӊ ішінде: 2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд теӊге;

989 декларация бойынша 760,2 млрд теӊге.

"2016 жылғы 30 мамырға сәйкес 1-Н есебініӊ деректері бойынша "Мүлікті жария ету үшін алым" 206110 коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,4 млрд теӊге түсті, оныӊ 2,9 млрд теӊге қайтарылған (ескі Заӊ ережесі бойынша мерзімнен бұрын түсірілген жария етілген ақша (3,1 млрд теӊге - қайтарымға жатады)", - деп мәлімдеді министрлікте.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны