04.02.2009, 15:34 2637

Қазақстанда доллар 170 теңгеге, евро - 220 теңгеге дейін сатылуда

Қазақстанда доллар 170 теңгеге, евро - 220 теңгеге дейін сатылуда

Алматы. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда доллар 170 теңгеге, евро - 220 теңгеге дейін сатылуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Алматыда доллардың бағамы 167 теңгеге, евро - 210 теңгеге сатылуда. Астанада доллар 160 теңге, евро - 210 теңге болды.

Сонымен бірге Қызылорда мен Петропавловск ақша айырбастау орындарында $1 үшін 170 теңге алуда.

Қарағандыда доллар 165 теңге тұрады. Астана, Өскемен, Көкшетау, Павлодар, Шымкент, Семейде бір доллардың бағасы 160 теңге болды.

Ақтауда $1 154 теңге, Ақтөбеде - 158 теңге тұрады.

Евро Ақтауда 220 теңгеге; Қызылордада, Қарағанды мен Актөбе, Петропавловск, Семей мен Шымкентте 210 теңгеге сатылуда.

Өскеменде евро 190 теңге болды. Көкшетау мен Павлодарда - 195 теңге болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны