17.10.2011, 14:48 3797

Қазақстанда егіс алқабының 98 пайызы жиналды

Облыстық ауылшаруашылық басқармаларының мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылдың 17 қазанында астық алқаптарының 98% (15,8 млн га) жиналып, 27,6 млн тонна бидай бастырылған. астық түсімі бір гектарына 17,5 центнерді (2010 жылдың деңгейiнен 8,6 ц/га артық (8,9 ц/га) құрады", - делінген хабарламада.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда егіс алқабының 98 пайызы жиналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Облыстық ауылшаруашылық басқармаларының мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылдың 17 қазанында астық алқаптарының 98% (15,8 млн га) жиналып, 27,6 млн тонна бидай бастырылған. астық түсімі бір гектарына 17,5 центнерді (2010 жылдың деңгейiнен 8,6 ц/га артық (8,9 ц/га) құрады.

Сонымен бiрге дәнді дақылдарды жинау Павлодарда (8, 6 ц/га өнiммен 100 пайыз), Шығыс Қазақстан (12,0 ц/га өнiммен 100 пайыз) облыстарында аяқталды.

Жамбыл (17, 3 ц/га өнiммен 98,1 пайызы жиналды) және Оңтүстiк Қазақстан 15, 7 ц/га өнiммен 98,6 пайызы жиналды) облыстарында бидай мен арпа түгел жиналды. Бұл облыстар жүгері жинауға кірісті.

Батыс Қазақстан (10,3 ц/га өнiммен 92,5 пайызы), Алматы (23,3 ц/га өнiммен 96,0 пайызы), Қарағанды (10,5 ц/га өнiммен 98,0 пайызы), Солтүстiк Қазақстан (21,7 ц/га өнiммен 98,9 пайызы), Қызылорда (40,8 ц/га өнiммен 94,9 пайызы), Ақмола(15,5 ц/га өнiммен 96,7 пайызы), Ақтөбе (7,3 ц/га өнiммен 90,5 пайызы) Қостанай (19,3 ц/га өнiммен 99,8 пайызы) облыстарында бидай және арпа жинау науқаны аяқталуға жақын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны