21.10.2011, 16:37 3556

Қазақстанда егіс алқабының 99 пайызы жиналып, 28,2 млн тонна астық бастырылды

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының ағымдағы жылдың 21-қазаны күнгі мәліметтеріне сүйенсек, егіс алқабының 99 пайызы жиналып (16 млн гектар), 28,2 млн тонна астық бастырылған. Егін шығымдылығы бір гектарға шаққанда 17,7 центнерді құрап отыр.

Астана. 21-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда егіс алқабының 99 пайызы жиналып, 28,2 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының ағымдағы жылдың 21-қазаны күнгі мәліметтеріне сүйенсек, егіс алқабының 99 пайызы жиналып (16 млн гектар), 28,2 млн тонна астық бастырылған. Егін шығымдылығы бір гектарға шаққанда 17,7 центнерді құрап отыр. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен (бір гектарына 8,9 центнер) гектарынан 8,8 центнерге артық, деп хабарлады АШМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны