20.09.2011, 13:15 3523

Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарыздары 29,4 млрд. долларға төмендеді

Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП парламенттік фракциясының отырысында сөз сөйлеген ел Премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім еткен.

Астана. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарыздары 29,4 млрд. долларға төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП парламенттік фракциясының отырысында сөз сөйлеген ел Премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім еткен.

К.Мәсімов әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарын жоюға бағытталған шаралар туралы хабарлады.

Премьер-министр 2007 жылдан 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттен тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтауға, шағын және орта бизнес жобаларына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 400 млрд-тан астам теңге бөлінгенін атап өтті.

Тұтастай алғанда дағдарысқа қарсы бағдарламаға Ұлттық қордан 1,5 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Үкімет қабылдаған шаралар қаржы секторын тұрақтандыруға және экономиканың құлдырау қаупін жоюға мүмкіндік берген.

"Қазақстанның банк секторының сыртқы қарыздары 2007 жылғы желтоқсандағы 46 млрд. АҚШ долларынан 2011 жылдың наурызында 16,6 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды. Екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарызы 29,4 млрд. долларға төмендеді. Ұлттық қордың активтері 2007 жылғы қаңтардағы 14,7 млрд. АҚШ долларынан 2011 жылғы тамызда 40,3 млрд. АҚШ долларына дейін өсті",-деп атап өтті К.Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны