24.09.2012, 10:22 3145

Қазақстанда экономика үшін келешегі зор 200-дей ғылыми жоба іріктелді

"Экономикаға енгізу үшін перспективасы зор ғылыми жобалар тұрақты іріктеліп және сараптама жүргізіліп тұрады. Қазір қоржында осындай 200-дей жоба бар", -делінген министрлік хабарламасында.

Астана. 24-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда экономика үшін келешегі зор 200-дей ғылыми жоба іріктелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Экономикаға енгізу үшін перспективасы зор ғылыми жобалар тұрақты іріктеліп және сараптама жүргізіліп тұрады. Қазір қоржында осындай 200-дей жоба бар", -делінген министрлік хабарламасында.

Өткен жылы энергетика, шикізатты және өнімдерді терең өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылымдар және елдің зияткерлік әлеуеті сияқты бес жаңа ғылыми басымдық бекітілді.

Айта кету керек, жоғары оқу орындарының осындай ғылыми жобаларды орындауға атсалысуы 2010 жылы 33% болса, 2012 жылы 57% дейін өсті.

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, 2 жылда беделді әлемдік басылымдарда жарияланған мақалалардың саны 2 еседен астамға өсіп отыр. Мысалы, өткен жылы қазақстандық ғалымдар 478 мақала жарияласа, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 500-ден астам мақала жариялады. Жылдың қорытындысы бойынша мақалалар саны 800 бен 1000 арасында болады, және осы нәтиже Қазақстанға 5 жылда 10000 астам мақала жариялаған елдердің қатарына кіруге мүмкіндік береді.

Оған қоса, қазақстандық ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасау индексі 3 еседен астамға өсіп отыр. Бүгінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Испания, Италия, Канада, Польша, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты дамыған елдердің өкілдерінің сілтемелері едәуір артуда.

Қазіргі таңда ғылыми салада индустриялық-инновациялық даму талаптарына сәйкес ғылым басымдықтарын таңдау және тәжірибелік нәтижеге бағытталған нақты инновациялар беретін зерттеу жобаларын іріктеу сияқты жаңа тетіктер іске қосылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны