13.08.2008, 17:28 3808

Қазақстанда экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіне кешенді ревизия жүргізу қажет - Школьник

Қазақстанда экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіне кешенді ревизия жүргізу қажет - Школьник

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіне кешенді ревизия жүргізу қажет. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник бүгін бәсекелестік туралы заң жобасы талқыланған "дөңгелек үстел" барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тек бақылау-тексеру жөніндегі заңнама мен тәжірибеге ғана емес, сонымен бірге экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіне кешенді ревизия жүргізу қажет ", - деді В. Школьник.

"Тексеру - реттеу талаптарын қамтамасыз ету құралы. Егер сертификатталған тауарлардың, лицензия берілетін қызмет түрлерінің саны азайтылса, соған сәйкес, тиісті бақылау шараларының саны да азаяды", - деді ол.

В. Школьниктің айтуынша, "қазір шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның тапсырмасымен барлық органдар бақылаушы органдардың нормативтік базасы мен тәжірибесіне жан-жақты талдау жасауда". "Көптеген бірлестіктер мен кәсіпкерлердің топтары, өкілетті сарапшылар мен заңгерлер әлеуметтік зерттеу сауалнамаларын тапсырды.Осындай мәліметтер базасы өңделіп жатыр", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны