19.10.2007, 17:45 3345

Қазақстанда ет сұранысының көлемі ішкі өндіріс көлемінен артық - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстанда ет сұранысының көлемі ішкі өндіріс көлемінен артық - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 19-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ет сұранысының көлемі ішкі өндіріс көлемінен артық. Бұл туралы ет және ет өнімдерін өндірушілердің республикалық кеңесі барысында Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы және мал дәрігерлік қауіпсіздік департаментінің директоры Рәбиға Тоқсейітова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Республикада бұрынғыдай қолданылатын еті өндіру көлемінен көп екендігін атап өту қажет",- деді Р. Тоқсейітова.

"Соңғы жылдары жеке өндірудің тұрақтанғандығы және де кей тұстарда өскендігі байқалады, республикада барлық мал басының саны мен мал шаруашылық өнімдерін өндіру жыл сайын орташа 5-8 пайызға өскен. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштерді 1990 жылдардағы деңгеймен салыстырғанда күрт түсіп кеткендігін - 2, 3 есеге төмендегіндігін байқауға болады",- деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, 2007 жылдың 1-қазанында мал шаруашалығының өнімдерін өндіру мен мал басының өсуі, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда орташа 3-7 пайызды құраған. "Жалпы ет өндірісі көлемінің 45 пайызы сиыр етінің үлесінде, шошқа еті - 24 пайыз, 14 пайызы - қой еті, 8 пайызы - тауық етінің үлесінде. Сондай-ақ тапшылық ет импортымен толықтырылуда - 2006 жылы 152 мың тонна тауық еті, 13,3 мың тонна сиыр еті және 2,9 мың тонна шошқа еті импортталады",- деп қорытындылады Р. Тоқсейітова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны