28.12.2010, 15:22 4686

Қазақстанда Еуро-3 стандартын енгізу мерзімі кейінге шегерілді

Қазақстанда Еуро-3 стандартын енгізу мерзімі кейінге шегерілді

Астана. 28 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда Еуро-3 стандартын енгізу мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2010 жылдың 27-желтоқсанында Қазақстан Республикасы үкіметінің "ҚР үкіметінің 2007 жылдың 29-желтоқсанындағы № 1372 және 2010 жылдың 24-қыркүйегіндегі № 977 қаулыларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына қол қойылды. Қаулыға сәйкес, Еуро-3 экологиялық стандартын енгізудің жаңа мерзімі белгіленіп, көлік құралдарын өндіруші елдердің кестесіне өзгертулер енгізілген.

Аталмыш қаулы қол қойылған күннен бастап, яғни 2010 жылдың 27-желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны