26.12.2012, 14:49 4703

Қазақстанда химия және металлургия саласында үш жаңа жоба іске қосылды

"Индустрияландыру күнінде осындай маңызды жобаларды іске қосуды жариялап отырмыз. "ҚазАзот" Ақтаудағы өте қажет кәсіпорын. Бұл атаулы күнге ұзақ дайындалғанымызды білемін, енді міне өндіріс іске қосылып отыр. Тағы бір айта кететін нәрсе, Қазақстанның Степногорда тек минералдық ресурстадың үлкен қоры ғана емес, жоғары технологияның жанама элементі болып табылатын сирек металлдар қоры да баршылық", - деді Елбасы.

Астана. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеше Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру бойынша кезекті жалпыұлттық телекөпір барысында химия және металлургия саласындағы үш өнеркәсіпті іске қосуға рұқсат берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Индустрияландыру күнінде осындай маңызды жобаларды іске қосуды жариялап отырмыз. "ҚазАзот" Ақтаудағы өте қажет кәсіпорын. Бұл атаулы күнге ұзақ дайындалғанымызды білемін, енді міне өндіріс іске қосылып отыр. Тағы бір айта кететін нәрсе, Қазақстанның Степногорда тек минералдық ресурстадың үлкен қоры ғана емес, жоғары технологияның жанама элементі болып табылатын сирек металлдар қоры да баршылық", - деді Елбасы.

Атап айтқанда, бүгін Маңғыстау облысында "ҚазАзот" компаниясының жобасы болып табылатын аммиак, азот қышқылы, аммиак селитрасы өндірісін қайта жаңғыртуға негізделген өнеркәсіп іске қосылды.

Жоба құны 5 млрд. 610 млн. теңге. Кәсіпорынды жаңғырту арқылы аммиак өндірісі 50 пайызға, еңбек өнімділігі 1,5 есе артады. Болашақта зауыт ішкі нарықты азот тыңайтқышымен толық қамтамасыз етіп, экспорт көлемін ұлғайтады.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өндірістік газ өндіретін кешен құрылысын салу жобасы іске қосылды. Бұл шетелден тікелей инвестиция тартудың және қазақстандық мазмұнды арттырудың жарқын мысалы.

Жаңа кешен іске қосылғанда оттегі, азот, аргон өндірісі артады.

Сонымен қатар Ақмола облысында сирек кездесетін концентраттар өндіретін кәсіпорын пайдалануға берілді. Бұл жоғарғы технологияға негізделген металлургия өнеркәсібін дамытатын жалғыз жоба. Кәсіпорын сирек кездесетін металлдар концентратының өндірісін қолға алып отыр.

Осы арқылы елімізде минералды ресурстарды қалдықсыз өндіру жолға қойылып, экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Өндіріс құны 4 млрд.430 млн.теңге. Жоба қуаттылығы - 1540 шоғырланған концентраттағы карбонат. Кәсіпорында 270 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру бойынша кезекті жалпыұлттық телекөпір барысында 10 жаңа өндірісті іске қосуға рұқсат берді.

Бүгінде Индустрияландыру картасында 779 жоба бар. 2010-2012 жылдар арасында 537 нысан пайдалануға берілді. 277 жоба (немесе енгізілген нысандардың 51,6 пайызы) 50 және одан да көп пайызға жүктелген. Олардың ішінде 141-і толық қуаттылыққа шықты. 305 кәсіпорын жаңа өнімдерді шығаруда. 36 кәсіпорын өз өнімдерін 520 миллиард теңгеге экспорттады. Жаңа кәсіпорындар 1 триллион 400 миллион теңгенің өнімдерін шығарды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны