06.09.2010, 15:34 3173

Қазақстанда І жарты жылдықта ВИЧ індетін жұқтырған 1018 адам анықталған

Қазақстанда І жарты жылдықта ВИЧ індетін жұқтырған 1018 адам анықталған

Астана. 6 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда І жарты жылдықта ВИЧ індетін жұқтырған 1018 адам анықталған, ал 2009 жылдың осы маусымында 1094 науқас анықталған болатын. Бұл туралы ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, үстіміздегі жылдың маусым айында ВИЧ індетін жұқтырған 155 адам анықталған (2009 жылдың маусымында - 155).

Республикалық санэпидемстанциясының мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылдың І жарты жылдығында бруцеллезбен ауырғандар саны 1020 жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға, эхинококкозбен ауырғандар саны 493жетіп, 0,6 пайызға өскендігі байқалады.

2010 жылдың І жартысында 14 жасқа дейінгі балалар арасында эхинококкозбен ауырғандар саны 126 жетіп, 15,6 пайызға өскен.

Ауылдық жерлерде бруцеллезбен науқастанғандар саны 877 адамға жетіп, 5,7 пайызға өскен, деп хабарлайды статагенттіктен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны