03.08.2012, 17:21 3138

Қазақстанда І жартыжылдықта 20 млрд текше метрден астам газ өндірілген

Газ саласы Қазақстанның энергетикалық кешенінде маңызды орын алады. Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде газ өнеркәсібінің жаңа жобалары жүзеге асырылуда. 2012 жылдың І тоқсанының қорытындылары бойынша республикада 20,3 млрд текше метр газ өндірілген.

Астана. 3-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда І жартыжылдықта 20 млрд текше метрден астам газ өндірілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Газ саласы Қазақстанның энергетикалық кешенінде маңызды орын алады. Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде газ өнеркәсібінің жаңа жобалары жүзеге асырылуда. 2012 жылдың І тоқсанының қорытындылары бойынша республикада 20,3 млрд текше метр газ өндірілген.

ҚР Мұнай және газ министрлігінің ақпарына қарағанда, 2012 жылдың қаңтар-мамыр айларында республикада өндірілген газ өндірісінің көлемі 20,3 млрд текше метрді құрады. Ел өңірлері 5,5 млрд текше метр табиғи газды пайдаланған.

Одан басқа, І жартыжылдықта 1 091,5 мың тонна сұйытылған көміртекті газ өндірілген. Табиғи газдың халықаралық транзиті көлемі 50,6 млрд текше метрді, республикадан экспортқа шыққан газ көлемі - 4,2 млрд текше метрді құрады.

МГМ ақпарына қарағанда, жер қойнауын пайдаланушылардың Газды пайдалану бағдарламасын жүзеге асыруы барысында газ факелінде жағылатын газдың көлемі 0,5 млрд текше метрді құраған.

Қазіргі кезде Жамбыл облысындағы Амангелді газ кеніші орнындағы жұмыстар жалғасуда. 1 шілдедегі жағдайға қарағанда, бұнда 163,2 млн текше метр газ бен 10,7 мың тонна газ конденсаты өндірілген.

Н.И.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстанда "Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ" газ өнеркәсібінің ірі газ құбыры магистралі жобасы жүзеге асырылуда. Индустрияландыру картасына енгізілген жоба, батыс облыстардағы кеніш орындарынан газ тасу арқылы елдің оңтүстік аумақтарын газбен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған.

Мұнай және газ министрлігі хабарлағандай, газ тасымалдау 2013 жылдан басталмақшы, ал қазір газ құбыры құрылысын бастау үшін қажетті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күні бүгін "Сексеуіл", "Арал", "Жосалы", "Белкөл", "Түркістан" және "Манкент" станцияларына жалпы көлемі 1161 км болатын құбыр өнімдері жеткізілген.

Жалпы, 2013-2014 жылдары газ тасымалдау көлемі жылына 5 млрд текше метрге дейін, одан кейінгі жылдары 10 млрд текше метрге дейін жеткізілмекші. "Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ" газ құбырының ұзындығы 1475 км құрайды, маршрут Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумақтарымен өтеді. Жоба газ құбыры бойында орналасқан елді мекендерге газ әкелуге мүмкіндек беретін бұру құрылысын да қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны