26.11.2012, 18:13 3801

Қазақстанда ІІІ тоқсанда экономикалық белсенді жастардың саны 2,7 млн адамды құраған

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 26-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда ІІІ тоқсанда экономикалық белсенді жастардың саны 2,7 млн адамды құраған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың III тоқсанында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі халықтың жұмыспен қамтылуын тоқсандық іріктеп зерттеу негізгі сауалдамасына «Еңбек нарығындағы жастар» қосымша модулі негізінде 21000 үй шаруашылығына (жалпы жиынтықтың 0,5%) біржолғы зерттеу жүргізді.

Бұл зерттеудің мақсаты республика еңбек нарығындағы жастардың жағдайы туралы, яғни жұмыс іздеу әдістері, кәсіби даярлық курстарына бару, жұмыс орындарын ауыстыру себептері және т.б. қосымша ақпарат алу болып табылды.

Зерттеумен 15-28 жасты қоса алғандағы тұлғалар қамтылды. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) халықаралық критерийлеріне сәйкес жастарға 15-24 жас аралығындағы тұлғалар жатады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында жастарға 15-28 жасты қоса алғандағы тұлғалар жатады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны