07.07.2015, 15:14 4152

Қазақстанда ІҚМ Бірінші халықаралық аукционы өтті

Қостанай облысыныӊ Бүрлі поселкесінде ірі қара малдыӊ Бірінші халықаралық акционы өтті. Сатуға абердин-ангус тұқымыныӊ 130 асыл тұқымды бұқалары мен 180 асыл тұқымды қашарлары қойылды.

Қостанай. 07 Шілде. Kazakhstan Today - Қостанай облысыныӊ Бүрлі поселкесінде ірі қара малдыӊ Бірінші халықаралық акционы өтті. Сатуға абердин-ангус тұқымыныӊ 130 асыл тұқымды бұқалары мен 180 асыл тұқымды қашарлары қойылды. Бүгінгі таӊда болып өткен аукционды мал саны жағынан Қазақстандағы асыл тұқымды мал сату тарихындағы еӊ ірі аукцион деп санауға болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Асыл тұқымды малдар 2014 жылы "Север-Агро Н" ЖШС фермасына "ҚазАгроҚаржы" АҚ Австралиядан қаржы лизингі бағдарламасы бойынша әкелген малдарынан алынған төлдер. Негізгі ерекшелігі - лезде салмақ жинау қасиеті, Қазақстанныӊ климатына бейімделгіштік пен тұрақтылық болып табылатын бұзаулар 35 кг жуық салмақпен дүниеге келген, бірақ небары бір жылдыӊ ішінде олардыӊ салмағы 10 еседан асаға өсті. Аукционға қойылған асыл тұқымды еркек таналардыӊ орташа салмағы - 480 кг, бастапқы құны - 360 мыӊ теӊгеден басталады. Іс-шараға репродуктивті мал өсірумен айналысатын қазақтандық фермерлер, таяу және алыс шетелдердіӊ агробизнесмендері, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтыӊ өзі де қызығушылық білдірді.

Аукционныӊ қортындысы бойынша, әрі қарай тұқымдық мал өсіру үшін Абердин-ангус тұқымыныӊ 45 бұқасы мен 180 қашары сатылды. Салмағы 500 кг құрайтын Лоттыӊ еӊ жоғары бағасы 510 000 теӊге құрады. Қалған малдар еркін сатылымға түсіп, ендігі аукцион талаптарынан тысқары сатылатын болады.

Бүгінгі таӊда асыл тұқымды репродуктор-шаруашылықтарын дамыту бағдарламасы шеӊберінде "Север-Агро Н" ЖШС репродуктор-фермасына "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы 10 жыл мерзімге жылдық 4 %-бен 2489 бас асыл тұқымды мал әкелінді. Осы шаруашылықты дамытуға "ҚазАгроҚаржы" АҚ салған инвестицияныӊ жалпы сомасы 1 498 439 228 теӊге.

Назарларыӊызға, 2011-2014 жылдар аралығындағы кезеӊде "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқасында елімізге 40 380 бас (етті 33 824 бас, сүтті 6 556 бас) ІҚМ әкелінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны