10.04.2012, 15:20 3763

Қазақстанда ықпалдасқан кедендік тариф жасалады

Ықпалдасқан кедендік тариф (ЫКТ) дегеніміз - белгілі бір тауарға қойылатын барлық мемлекеттік талаптарды қосқанда, барлық тарифтік және тарифтік емес шаралар туралы ақпараттың жүйелендірілген және кодталған тізбесі.

Астана. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда ықпалдасқан кедендік тариф жасалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті.

Ықпалдасқан кедендік тариф (ЫКТ) дегеніміз - белгілі бір тауарға қойылатын барлық мемлекеттік талаптарды қосқанда, барлық тарифтік және тарифтік емес шаралар туралы ақпараттың жүйелендірілген және кодталған тізбесі.

Бүгін Үкімет отырысында Мәжит Есенбаев мәлім еткендей, ықпалдасқан кедендік тарифті енгізу "кедендік рәсімдердің ашықтығын арттыруға" мүмкіндік береді.

Бизнес үшін бұл жаңалықтың басымдығы сол, ол кәсіпкерлерге шекарадан алып өтілетін тауарларға қойылатын талаптардың "бір терезе" қағидатына қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Ықпалдасқан кедендік тариф тұрақты негізде жаңартылып отыратын болады.Ал оған тіркелген қолданушылар енгізілген түзетулер туралы электрондық хабарлама алып отырмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны