04.12.2012, 19:02 3080

Қазақстанда импорттық гербицидті сатып алуға қарастырылған субсидиялар ұлғайтылады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі гербицидтер мен минералдық тыңайтқыштарды субсидиялаудың қолданыстағы тетігіне өзгертулер енгізуді қарастырған жоба әзірлеуде.

Астана. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда импорттық гербицидті сатып алуға қарастырылған субсидиялар ұлғайтылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі гербицидтер мен минералдық тыңайтқыштарды субсидиялаудың қолданыстағы тетігіне өзгертулер енгізуді қарастырған жоба әзірлеуде. Жаңа жобаға сәйкес, отандық дихандар импорттық гербицид құнының 30% дейінгі көлемін субсидия түрінде қайтара алады, деп хабарлады Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

"Отандық гербицидтерді 50% дейін, шетелдік гербицидтерді 30% дейін арзандату туралы шешім қабылданды. Минералдық тыңайтқыштар бойынша да осындай. Сондай-ақ, бұл арақатынас әрқашан сақталу керектігі туралы ұсыныс түсті", - деді С.Хасенов.

Комитет басшысының айтуынша, фермерлер тыңайтқыштың құнын жартылай өздері төлейтін болады да, субсидиялар тыңайтқыш өндіруші зауытқа беріледі, немесе тыңайтқыштарды сатып алғаны жөніндегі құжаттардың негізінде субсидия шаруалардың қолдарына беріледі.

Қазіргі таңда, Жоба министрліктермен, облыс әкімдіктерімен, отандық бірлестіктермен және басқа да мүдделі ұйымдармен келісілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны