01.03.2007, 13:38 3449

Қазақстанда инфляция 2007 жылдың ақпанында 0,8 пайызды, жылдың басынан бері 1,9 пайызды құрады

АЛМАТЫ. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанда инфляция 2007 жылдың ақпанында 0,8 пайызды, жылдың басынан бері 1,9 пайызды құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Мемлекеттік статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, ақпанда республикадағы азық-түлік тауарлары 1 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 0,2 пайызға, ақылы қызмет көрсету - 1,1 пайызға өскен.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың қаңтарында Қазақстандағы инфляция 1,1 пайызды, жылдың басынан бері - 1,9 пайызды құраған. Екі ай ішінде азық-түлік тауарлары 2,6 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 0,5 пайызға, ақылы қызмет көрсету - 2,2 пайызға қымбаттаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны