02.09.2016, 13:25 3222

Қазақстанда инфляция 5,4% құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы сегіз айда (2016 жылғы тамыз 2015 жылғы желтоқсанға) 5,2%, азық-түлік емес тауарларына - 6,1%, ақылы қызметтерге - 4,9%-ға өсті.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы сегіз айда (2016 жылғы тамыз 2015 жылғы желтоқсанға) 5,2%, азық-түлік емес тауарларына - 6,1%, ақылы қызметтерге - 4,9%-ға өсті, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті.

Ағымдағы жылдыӊ басынан (2016 жылғы тамыз 2015 жылғы желтоқсанға) бағаныӊ өсуі жармаларға 31,3%, қантқа - 30,2%, шайға - 22,9%, картопқа - 19,8%, нанға - 15,9%, қайта өӊделген және консервіленген көкөністерге - 12,1%, кондитерлік өнімдерге - 10,7%, салқындатылған сусындарға - 10,2%, макарон өнімдеріне - 9,8%, күнбағыс майына - 9,3%, жеміс және көкөніс шырындарына - 9,1%, кептірілген жемістер мен жаӊғақтарға - 8,6%, құс етіне - 7,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге - 7,1%-ға белгіленді. Бағаныӊ төмендеуі жаӊа жиналған көкөністерге 20,6%, жұмыртқаға - 13%, шикі сүтке - 8,2%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 13,9%, оқушылардыӊ ранеці, рюкзагына - 13,3%, кеӊсе тауарлары мен сызу құралдарына - 11,1%, жеке қолданатын тауарларға - 9%, тұрмыстық аспаптарға - 8,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 8,3%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 7,7%, автомобильдерге - 6,8%, тоқыма бұйымдарына - 6,6%, киім және аяқ киімге - 5,7%-ды құрады. Дизель отыны 15,9%, баллондағы сұйытылған газ - 13,4%-ға қымбаттады.

Баға деӊгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 7,8%, мектепке дейінгі балалар мекемесініӊ - 7,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлердіӊ - 4,7%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 4,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 2,5%-ға өсті. Жолаушылардыӊ әуе көлігімен жол жүру ақысы 30,6%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігіне - 15%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен - 8,4%-ға жоғарылады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 25,3%, суық суға - 12,4%, қоқыс шығаруға - 11%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 9,2%, орталықтан жылытуға - 7,3%, электр энергиясына - 4,8%, ыстық суға - 4,4%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны