25.07.2013, 09:52 25695

Қазақстанда инфляция маусымда 0,3% деңгейінде қалыптасты

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2013 жылғы маусымда инфляция, өткен жылғыдай, 0,3% деңгейінде қалыптасты. Сонымен қатар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға (0,2%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,2%-ға (0,2%-ға), ал ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,5%-ға (0,4%-ға) көтерілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана. 25-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда инфляция маусымда 0,3% деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2013 жылғы маусымда инфляция, өткен жылғыдай, 0,3% деңгейінде қалыптасты. Сонымен қатар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға (0,2%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,2%-ға (0,2%-ға), ал ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,5%-ға (0,4%-ға) көтерілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азық-түлік тауарлары нарығында 2013 жылғы маусымда көп д?режеде жемістер мен көкөністер 2,0%-ға, оның ішінде бас пияз бен картоп - ?рқайсысы 7,7%-ға, с?біз 5,7%-ға, сондай-ақ макарон өнімдері 0,2%-ға, ет ж?не ет өнімдері 0,1%-ға, балық ж?не теңіз өнімдері 0,1%-ға, алкогольсіз сусындар 0,3%-ға қымбаттады. Сонымен қатар жұмыртқа бағасының 8,4%-ға, жарманың 1,3%-ға, күріштің 0,1%-ға, май ж?не тоң майдың 0,4%-ға төмендеуі тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобына тоқталатын болсақ, сырт киімнің бағасы 0,3%-ға, аяқ киім 0,4%-ға, күнделікті үй заттары 0,2%-ға, д?рі-д?рмек 0,1%-ға көтерілді. Бензиннің құны 0,2%-ға, дизель отыны 0,5%-ға төмендеді.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық сала қызметтерінің ақысы 0,6%-ға өсті. Бұл ретте орталықтан жылыту тарифтері 1,4%-ға, салқын су 1,2%-ға, тұрғын үй жалдау ж?не к?різ - ?рқайсысы 1,5%-ға өсті. Қоқысты жинау тарифтері 0,2%-ға төмендеді. Бұдан басқа өткен айда медициналық қызметтер бағасы 0,4%-ға, көлік қызметтері 0,6%-ға, оның ішінде темір жол көлігі 0,9%-ға, ?уе көлігі 0,7%-ға, байланыс қызметтері 0,1%-ға, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтері 0,7%-ға, аяқ киім жөндеу 0,1%-ға көтерілді.

2013 жылғы қаңтар-маусымда инфляция 2,7% (2012 жылғы қаңтар-маусымда 2,7%) құрады. Азық-түлік тауарлары 2013 жылдың басынан бастап 1,7%-ға (2,5%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,1%-ға (1,8%-ға), ақылы қызметтер 5,4%-ға (3,9%-ға) қымбаттады.

2013 жылғы маусымда инфляция жылдық көрсетуде 5,9%-ды құрады (2012 жылғы желтоқсанда - 6,0%). Азық-түлік тауарлары соңғы 12 айда 4,5%-ға (5,3%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 2,8%-ға (3,5%-ға), ақылы қызметтер 10,9%-ға (9,3%-ға) қымбаттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны