20.10.2011, 15:49 4075

Қазақстанда инновация байқауын алға жылжытуға арналған WOW-сall құралы іске қосылды

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстанда тұңғыш рет WOW-сall жоғары технологиялы маркетингтік құралды іске қосқан.

Астана. 20-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда инновация байқауын алға жылжытуға арналған WOW-сall құралы іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Қазақстанда тұңғыш рет WOW-сall жоғары технологиялы маркетингтік құралды іске қосқан.

Қызмет жастарға арналған "Инновациялық Қазақстан" идеялар конкурсын алға жылжыту аясында қолданылуда, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.

WOW-call бір онлайн жобада интернет пен ұялы телефонның мүмкіндіктерін сабақтастырады. Конкурстың ресми сайтына қатынаушы "Алло, біз идеялар іздестірудеміз!" батырмасын басқан кезде, промо-бетке ауысады, ол жерде оған есімі мен телефонының нөмірін енгізу ұсынылады. Содан кейін ол "Самұрық-Қазына" ҰИҚ АҚ Инновациялық саясат департаментінің директоры Ермек Сақышевтың идеялар конкурсы және қордың бастамалары туралы үндеуі жазылған бейнероликті көре алады. Таныстырылым барысында қолданушы көрсеткен нөмірге телефон соғылады, және де ол телефонды көтерсе, Ермек Сақышевтың оған арналған жеке үндеуін енді телефоннан естиді.

Конкурс ұйымдастырушылары интернет ресурстарын белсенді қолданатын жастар қауымымен хабарласу үшін WOW-сall инновациялық әрі тиімді құрал болады деп сенеді.

Естеріңізге сала кетейік, жастар арасындағы "Инновациялы Қазақстан" республикалық идеялар конкурсын 2011 жылғы қыркүйекте "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры іске қосты. Қор "Технологиялық серпін" және "Илеуметтік идеялар" деген 2 негізгі аталым бойынша жастардың бастамаларын анықтап, оларға қолдау көрсетуге ұмтылады. Конкурстың ақтық мәресіне жеткен 10 адам "Самұрық-Қазына" ҰИҚ компаниялар тобына жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Ал желтоқсанда анықталатын конкурстың екі жеңімпазы білім беру грантын иеленеді. Жеңімпаздар өздерінің қалауы бойынша шетелде тілдік курста, ғылыми дәреже тағайындаусыз шетелдік ЖОО-да оқи алады, немесе отандық не болмаса шетелдік компанияда ғылыми-өндірістік тәжірибеден өте алады. 18 қазандағы жағдай бойынша конкурстың қабылдау комиссиясына Қазақстанның бүкіл аумағынан 441 өтінім келіп түсті. Өтінімдердің жартысы дерлік Оңтүстік Қазақстан облысынан жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны